Жүргізуші куәлігін алып беремін деп уәде берген: Зайсандық тұрғын 6,6 млн теңгеден астам қаржысынан айырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жүргізуші куәлігін алып беремін деп уәде берген: Зайсандық тұрғын 6,6 млн теңгеден астам қаржысынан айырылды

Зайсан ауданында жүргізуші куәлігін рәсімдеуге көмектесемін деген уәдемен жасалған алаяқтық фактісі тіркелді.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2005 жылы туған Зайсан қаласының тұрғыны полицияға жүгініп, танысы жүргізуші куәлігін алып беруге көмектесемін деп, оның 6 миллион теңгеден астам ақшасын иемденіп кеткенін айтқан.

Жәбірленушінің айтуынша, биыл ақпан айында ол Алматы облысындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызмет өткерген танысымен қайта араласа бастаған. Әңгіме барысында ер адам өзін Алматы қаласындағы арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері ретінде таныстырып, жүргізуші куәлігін алуға көмектесе алатынын жеткізген.

Оның сөзіне сенген азамат алдымен келісілген соманы аударған. Кейін танысы әртүрлі себептер айтып, бірнеше рет қосымша ақша сұраған. Нәтижесінде жәбірленуші 6,6 млн теңгеден астам қаржысынан айырылған. Ақшаның бір бөлігі белгісіз тұлғалардың есепшоттарына аударылған.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Полиция азаматтарға мемлекеттік қызметтерді тез арада немесе заңсыз жолмен рәсімдеп беремін деген адамдарға сенбеуге, ақпараттың дұрыстығын тексермей ақша аудармауға шақырады.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1259808?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version