Шымкент қаласы ТЖД Зорлық-зомбылықтың алдын алу және әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды
2026 жылғы 17 шілдеде Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде «Зорлық-зомбылықтың алдын алу және әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау – қоғамның ортақ міндеті» тақырыбында Шымкент қаласы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің инспекторы полиция аға лейтенанты Сахибекова Диана Асановна және Еңбекші ауданы полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің инспекторы полиция лейтенанты Битуғанова Нұрлықыз Асқарқызының қатысуымен дөңгелек үстел жиыны ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ қоғамда заң мен тәртіп қағидаттарын және отбасылық құндылықтарды нығайту болды.
Сондай-ақ, іс-шара барысында қызметкерлер құқықтық және әлеуметтік мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1260038?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау