Ақтөбе облысында «Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі үздік мемлекеттік инспектор» атты XIX облыстық байқау өтті.
Байқау екі кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде қатысушылар өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді білу бойынша теориялық тестілеуден өтті. Екінші кезеңде «Dalida Plaza» сауда-ойын-сауық орталығының базасында шартты профилактикалық бақылау жүргізіліп, қатысушылардың мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырудағы практикалық дағдылары бағаланды.
Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
• I орын – Қарғалы ауданының ТЖБ аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Тыныштық Нұрсұлтан Манасұлы;
• II орын – Шалқар ауданының ТЖБ аға инженері, азаматтық қорғау капитаны Мекебаев Әліби Өтегенұлы;
• III орын – Мұғалжар ауданының ТЖБ аға инженері, азаматтық қорғау капитаны Сегізбаева Жұлдыз Қалмағанбетқызы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-aktobe/press/news/details/1260086?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау