Елорданың Нұра ауданында жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кешенді тексеріс шаралары өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Басты мақсат – түнде заңды қамқоршыларының сүйемелдеуінсіз жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Айта кетейік, мұндай іс-шаралар жасөспірімдер арасындағы тәртіп пен тәрбиені, қоғамдық тыныштықты сақтауға байланысты жүргізіліп тұрады.
«Заңды талаптарды сақтау – әркімнің міндеті. Мұндай рейдтер бұзушылықтарды уақтылы анықтауға және қоғамдық кеңістіктерге құрмет көрсету мәдениетін дамытуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Нұра ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Салавди Арықбеков.
#законипорядок #заңментәртіп
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1260098?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау