ОРДАБАСЫ – «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ» ФЕСТИВАЛІНІҢ БАС ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түркістан қаласындағы «Керуен-Сарай» туристік кешенінде өткен «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі өз мәресіне жетіп, бас жүлдені Ордабасы ауданы жеңіп алды.

Бұл жеңіс – аудан өнерпаздарының кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісінің, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға бағытталған жүйелі жұмыстың және мәдениет саласы қызметкерлерінің тынымсыз еңбегінің жарқын жемісі.
Айта кетсек, айтулы шара аясында Ордабасы ауданы қасиетті өңірдің бай тарихын, ұлттық болмысын, салт-дәстүрі мен мәдени мұрасын жоғары деңгейде таныстырды. Керуен-Сарай аумағы қазақы нақышқа бөленіп, театрландырылған көріністер, ұлттық ән мен күй, қолөнер көрмелері, салт-дәстүр сахналары, ұлттық спорт түрлері мен «Ордабасы өнімдері» көрмесі көрермендердің ерекше ықыласына ие болды.

Аудандық кітапхана ұсынған рухани мұралар, Қажымұқан Мұңайтпасұлына арналған жәдігерлер көрмесі, Ордабасы ұлттық тарихи-мәдени қорығының экспозициясы және «Темірлан жасөспірімдер» театрының әсерлі қойылымдары фестивальдің мазмұнын байытып, көркемдік деңгейін жаңа белеске көтерді.

Кешкі гала-концертте аудан өнерпаздары ұлттық және заманауи шығармаларды орындап, мың бұралған би мен театрландырылған қойылымдарды үйлестіре отырып, көрермендердің зор қошеметіне бөленді. Өнер мен руханият үндескен тағылымды бағдарлама қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, нәтижесінде Ордабасы ауданы фестивальдің ең жоғары марапаты – Бас жүлдені қанжығасына байлады.

Бұл жеңіс – тек мәдениет саласы мамандарының ғана емес, ауданның барша өнерсүйер қауымы мен шығармашылық ұжымдарының ортақ жеңісі. Ұлттық мұраны дәріптеп, қазақы құндылықтарды насихаттауда ерекше белсенділік танытқан Ордабасы тағы бір мәрте өзінің рухани әлеуеті жоғары, өнері өркендеген өңір екенін дәлелдеді.

Ордабасы – бірлігі бекем, өнері өрісті, рухы асқақ өлке!

🏆 Бас жүлде құтты болсын, Ордабасы!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1260106?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version