«ШӘМШІ ӘНДЕРІ» ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ТҮРКІСТАНДЫҚТАРҒА ЕРЕКШЕ ШАБЫТ ПЕН КӨТЕРІҢКІ КӨҢІЛ КҮЙ СЫЙЛАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін «Керуен сарай» туристік кешенінде қазақ музыкасының көрнекті өкілі, ән падишасы, Қазақстанның Халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығын ұлықтауға арналған «Шәмші әндері» өнер фестивалі өтті.
Іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнер саласының қайраткерлері, өңір тұрғындары мен қала қонақтары қатысты.
Фестиваль аясында Қазақстанның танымал эстрада өнерпаздары мен жас орындаушылар Шәмші Қалдаяқовтың көпшілік сүйіп тыңдайтын әндерін орындады. Концерттік бағдарламада «Жігіттер» квартеті, «Melomen», «Сарын» және «Turan Boys» топтары, сондай-ақ Мөлдір Әуелбекова, Маржан Арапбаева, Алтынай Жорабаева, Досымжан Таңатаров, Әли Оқапов, Ғазизхан Шекербеков, Асқар Жүнісбеков, Қанай, Руслан Ақынбаев, Аяжан Нұрмаханбет, Маржан Ерланқызы, Данияр Барыс, Эльвира Мамытова және өзге де өнерпаздар өнер көрсетті.
Іс-шара барысында қазақ ән өнерінің алтын қорына енген Шәмші Қалдаяқовтың таңдаулы шығармалары орындалып, көрермен қауымға ерекше рухани әсер сыйлады. Фестиваль композитордың шығармашылық мұрасын кеңінен дәріптеуге, ұлттық мәдениетті насихаттауға және отандық эстрада өнерінің сабақтастығын дамытуға бағытталған маңызды мәдени жоба ретінде жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
«Шәмші әндері» өнер фестивалі түркістандықтар мен қала қонақтарына, өнер сүйер қауымға ерекше шабыт, рухани байлық және көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Көпшілік Шәмші атның әндерін әншілермен бірге шырқап, композиторға құрмет көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1260115?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version