Жаздың аптап ыстығында қала көшелеріндегі ауа температурасын төмендету мақсатында Түркістанда жол жамылғыларын аэрациялау жұмыстары күн сайын таңертең және кешкі уақытта жүргізілуде.
Арнайы техника арқылы асфальт бетіне су бүркіліп, оның шамадан тыс қызуының алдын алады. Сонымен қатар, салқындату әдісі – көшелердегі жылу әсерін азайтып, қалалық ортадағы жайлылықты арттыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда жұмыстар Байбұрт, Сәкен Қожанов, Саттар Ерубаев, Төлеген Нышанов көшелері мен Тәуке хан даңғылында жүргізілуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1260108?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау