🔹Атырау облысы Әділет департаменті Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Заң клиникасымен бірлесіп «Тегін заң көмегі» акциясын өткізді.
Іс-шара барысында азаматтарға тегін құқықтық консультациялар беріліп, қолданыстағы заңнама талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ жеке өтініштері қаралды.
Осындай акцияларды өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен жоғары оқу орындары арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1260520?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау