1-орын — Bir söz командасы!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Digital KZ / Hack09 өңірлік хакатонының жеңімпазы атанып, 1 000 000 теңге көлеміндегі бас жүлдені жеңіп алған Bir söz командасын шын жүректен құттықтаймыз!

Команда қазақ тілін күнделікті интернетті пайдалану барысында үйренуге мүмкіндік беретін инновациялық «Bir сөз» браузерлік кеңейтімін ұсынды.

Платформа:

интернеттегі сайттарды оқу барысында жаңа қазақ сөздерін үйренуге;

қолданушының тіл меңгеру деңгейіне сәйкес оқыту бағдарламасын таңдауға;

сөздерді табиғи контексте есте сақтауға;

күнделікті өмірден қол үзбей қазақ тілін тұрақты түрде меңгеруге;

сөздік қорды ыңғайлы әрі заманауи форматта толықтыруға мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта команда сөздік қорды кеңейтуді, интерактивті тапсырмаларды енгізуді, қолданушының оқу барысын бақылау жүйесін, жекелендірілген оқытуды және қазақ тіліндегі білім беру контентіне ұсыныстар әзірлеуді жоспарлап отыр.

«Bir сөз» жобасы қазақ тілін үйренуді қарапайым, қолжетімді әрі күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналдыруға болатынын көрсетеді.

Bir söz командасын лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Жобаның табысты дамуына, жаңа жетістіктерге және барлық мақсаттарының сәтті жүзеге асуына тілектеспіз!

#қарағандытілдердідамытубасқармасы

#Hack09

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/1260293?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version