17–19 шілде аралығында  «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

17–19 шілде аралығында  «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрғындардың тыныштығын сақтау, көпқабатты тұрғын үйлер мен аулаларда қоғамдық тәртіпті бақылау, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша тіркеу талаптарының сақталуын тексеру.

Іс-шара аясында №60 және №69 учаскелік полиция пункттерінің инспекторларымен бірлесіп рейдтік-профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Рейд барысында қоғамдық тәртіптің сақталуы бақылауға алынып, тұрғындармен профилактикалық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқық бұзушылықтарға жол бермеу және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Құрметті тұрғындар! Қоғамдық тәртіпті сақтауға атсалысып, заң талаптарын орындауға және күмәнді жағдайлар туралы полицияға дер кезінде хабарлауға шақырамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1260362?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version