Ақмола облысының Әділет департаментінде Ақмола облысы Әділет департаментінің басшысы Р. С. Досанованың төрайымдылығымен 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызмет қорытындылары бойынша кеңейтілген кеңес өтті.
Кеңес барысында қызметтің негізгі бағыттары бойынша жұмыс қорытындылары қаралды, проблемалық мәселелер талқыланды және 2026 жылдың екінші жартыжылдығына арналған басым міндеттер айқындалды.
Кеңес қорытындысы бойынша департамент басшысы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапалы қарауды қамтамасыз етуге, халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға, сондай-ақ Департамент қызметінің барлық бағыттары бойынша жұмысты күшейтуге бағытталған тапсырмалар берді.
Ақмола облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-akm/press/news/details/1260224?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау