8,6 мыңнан астам талапкер ҰБТ тапсырды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) 8,6 мыңнан астам талапкер қатысты. Олардың шамамен 75%-ы тесті қазақ тілінде, 25%-ы орыс тілінде тапсырса, 10 талапкер ағылшын тілін таңдады.

Биыл талапкерлерге негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең жоғары нәтижесімен білім беру гранты конкурсына қатысу мүмкіндігі берілді. Осылайша, 8,6 мың талапкер тестілеуді жалпы саны 16 мың рет тапсырған.

Тестілеу қорытындысына сәйкес, шамамен 6,2 мың талапкер шекті балл жинады. Бұл барлық қатысушылардың 71%-ын құрайды. Бес пән бойынша орташа балл – 66, ал ең жоғары нәтиже – 138 балл.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлер үшін де қажетті жағдайлар жасалды. Биылғы негізгі ҰБТ-ға осындай санаттағы 25 талапкер қатысты.

ҰБТ өткізу барысында барлығы 21 ереже бұзушылық тіркелді. Оның ішінде 7 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып кіруге әрекет жасағаны үшін тестілеуге жіберілмеді. Ал тестілеу кезінде ережені бұзған 14 талапкер аудиториядан шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Тексеру барысында кейбір қатысушылардан смарт-сағаттар, микроқұлаққаптар, смартфондар және өзге де тыйым салынған заттар тәркіленді. Бөгде тұлғалардың қатысу фактілері анықталған жоқ.

Ұлттық тестілеу орталығының хабарлауынша, ҰБТ-2026 аяқталғаннан кейін 31 қазанға дейін тестілеу барысындағы бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Егер тыйым салынған заттарды пайдалану немесе тестілеу ережелерін бұзу фактілері анықталса, талапкерлердің нәтижелері жойылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-bilim/press/news/details/1260672?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version