Абай облысында инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша алқа отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

      Абай облысының прокуратурасында инвесторлардың құқықтарын қорғау және өңірдің инвестициялық ахуалын жақсарту мәселелеріне арналған алқа отырысы өтті.

      2026 жылғы 1 шілдеден бастап «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына енгізілген өзгерістер күшіне енді. Аталған өзгерістерге сәйкес Бас Прокурор Инвестициялық омбудсмен болып айқындалды, ал облыс прокурорларына инвестициялық прокурор мәртебесі берілді. Жаңа өкілеттіктер оларға инвесторлардың құқықтарын қорғау бойынша қосымша шаралар қабылдауға, оның ішінде қаралуы міндетті нұсқамалар енгізуге және инвесторлардың мүддесі үшін сотқа жүгінуге мүмкіндік береді.

      Жаңа өкілеттіктерді іске асыру аясында Абай облысының прокуроры Нұрсұлтан Рақышев инвесторлардың құқықтарын қорғау және өңірдің инвестициялық ахуалын жақсарту мәселелері бойынша алқа отырысын өткізді. Отырысқа облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр, мемлекеттік органдардың басшылары, қала және аудан әкімдері, табиғи монополиялар субъектілерінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, сондай-ақ қала және аудан прокурорлары қатысты.

      Отырыс барысында инвесторларға жер учаскелерін беру, инвестициялық жобаларды инженерлік инфрақұрылымға қосу, сондай-ақ Өңірлік үйлестіру кеңесі мен Өңірлік инвестициялық штабтың жұмыс тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.

      Мемлекеттік қолдау шараларының қабылданғанына қарамастан, кәсіпкерлердің әлі де әкімшілік кедергілерге тап болып отырғаны атап өтілді. Биыл прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде облыста инвесторлардың 21 проблемалық мәселесі шешімін тапты.

      Сондай-ақ отырыс барысында қатысушыларға инвесторлардың құқықтарын қорғауға қатысты жаңа заңнамалық кепілдіктер түсіндіріліп, инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді жетілдіру жөніндегі басым міндеттер айқындалды.

      Алқа қорытындысы бойынша әкімшілік кедергілерді жоюға, мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге және инвесторлардың құқықтарын сенімді қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған нақты шаралар әзірленді. Бұл өңірдің инвестициялық ахуалын одан әрі жақсартудың негізгі шарттарының бірі болып табылады.

                                                                                                                Абай облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-abay/press/news/details/1260297?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version