17 шілде күні №141 жалпы білім беретін мектепте Әуезов ауданының әкімі Егембердиев Абзал Қуандықұлы тұрғындармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында аудан тұрғындарын толғандырған өзекті мәселелер қаралып, ұсыныстар мен өтініштер тыңдалды. Атап айтқанда, ағаштарды санитариялық кесу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бейнебақылау камераларын орнату, кәріз жүйелерінің жай-күйі, тұрғын үй мәселелері, көпқабатты тұрғын үйлердің шатырларын жөндеу, тұрғын үй қорын жаңғырту (реновация), абаттандыру және ауданның өзге де маңызды мәселелері талқыланды.
Іс-шараға мемлекеттік органдар мен коммуналдық қызметтердің өкілдері қатысты. Көтерілген барлық мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктелді. Қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелер аудан әкімінің бақылауына алынды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1260368?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау