Алматы қаласы Әділет департаментінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Мұрзагелдинова Венера Сайлаубайқызының қатысуымен кездесу өтті.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілерге «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңындағы негізгі жаңашылдықтар мен енгізілген өзгерістер жан-жақты түсіндірілді.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған жаңа нормалар, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері, кәсіби әдеп қағидаттарын сақтау, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің тиімділігі мен ашықтығын арттыру мәселелері талқыланды.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, заңнаманы қолданудың өзекті мәселелері бойынша жан-жақты жауаптар алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-almaty/press/news/details/1260195?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау