2026 жылғы 24 шілдеде Алатау ауданындағы «Алматы Арена» спорт кешенінде қалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді. Іс-шараның мақсаты – жұмыс іздеуші азаматтарды, оның ішінде жастар мен оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, сондай-ақ жұмыс берушілерге білікті кадрларды іріктеуге қолдау көрсету.
Қатысушыларды тіркеу сағат 14:00-де басталады, жәрмеңкенің ресми ашылуы – сағат 15:00-де. Іс-шара барысында келушілер жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасып, өздеріне лайықты бос жұмыс орындары туралы ақпарат ала алады.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау