Іс-шараға қала, кент және ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдердің басшылары, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің мамандары қатысты.
Семинарды ашқан аудан әкімі Құрманбаев Р.Т. мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, мемлекеттік қызметтерді уақытылы әрі сапалы көрсету, заңнама талаптарын сақтау, атқарушылық тәртіпті нығайту және мемлекеттік қызметшілердің өз міндеттерін орындаудағы жауапкершілігін арттыру мәселелеріне назар аударды.
Аудан әкімінің орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Асқарова Ж.А. өз сөзінде Қазақстан Республикасы Әдеп кодексі талаптарын сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Ол мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын тек жұмыс уақытында ғана емес, қызметтен тыс уақытта да ұстануы қажеттігін айтты. Себебі мемлекеттік қызметші әрдайым мемлекеттік қызметтің өкілі болып табылады және өзінің мінез-құлқы арқылы азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін қалыптастырады.
Семинар барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы Әдеп кодексінің негізгі талаптары түсіндіріліп, қызметтік әдепті сақтау, азаматтармен қарым-қатынас мәдениетін арттыру, мүдделер қақтығысының алдын алу, сондай-ақ қызметтік мінез-құлық нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелері қарастырылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар талқыланған мәселелердің өзектілігін атап өтіп, мемлекеттік қызметшінің кәсібилігін, ашықтығын және адалдығын қамтамасыз ету мақсатында Әдеп кодексі талаптарын қатаң сақтауға дайын екендіктерін білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1260654?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау