Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Ж.Б. Жүнісовтың төрағалығымен 2026 жылғы 17 шілдеде алдағы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асырудың мемлекеттік аудиті аудиторлық іс-шарасы бойынша техникалық оқу өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

        Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Ж.Б. Жүнісовтың төрағалығымен 2026 жылғы 17 шілдеде алдағы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асырудың мемлекеттік аудиті аудиторлық іс-шарасы бойынша техникалық оқу өткізілді.

        Техникалық оқуға Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясы аппаратының басшысы Е.Ж. Саусқанов, мемлекеттік аудит сапасын бақылау бөлімінің басшысы Р.А. Қадырбеков, сондай-ақ мемлекеттік аудит тобы қатысты.

        Техникалық оқу барысында Тексеру комиссиясының мүшесі Ж.Б. Жүнісов мемлекеттік аудит тобының қатысушыларына аудиторлық іс-шараны жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтау, сондай-ақ әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша түсіндірмелер берді. Сонымен қатар, аудит бағдарламасының мәселелері және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес аудит нәтижелерін ресімдеу тәртібі қаралып, талқыланды.

        Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясы аппаратының басшысы Е.Ж. Саусқанов мемлекеттік аудит тобының назарына Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін, мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қатаң сақтау қажеттігін жеткізді.

        Мемлекеттік аудит объектілеріне шығуға дейін мемлекеттік аудит объектілерінің мекенжайларына мемлекеттік аудит жүргізілетіні туралы хабарламалар жолданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akmol-revkom/press/news/details/1260433?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version