Вокзал ғимараттарының қасбеттері мен ішкі бөлмелері жаңартылып, инженерлік желілер мен шатырлары ауыстырылды, сондай-ақ жаңа жиһаз бен қажетті жабдықтар орнатылып, вокзал маңы абаттандырылды.
Жаңғырту нәтижесінде Ганюшкино вокзалының жалпы аумағы 249,5 шаршы метрден 713,3 шаршы метрге дейін ұлғайды, ал Аққыстау вокзалының аумағы 202,3 шаршы метрден 214,7 шаршы метрге дейін кеңейтілді.
Облыс аумағы арқылы 9 жолаушылар пойызы қатынайды. 2026 жылдың басынан бері олармен 253,8 мың жолаушы тасымалданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kjvt/press/news/details/1260320?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау