«Азаматтарды қабылдау орталығында» азаматтарды жеке қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

14 шілде күні Атырау облысы Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы М.А. Музатова Атырау облысы әкімдігі аппараты жанындағы «Азаматтарды қабылдау орталығында» азаматтарды жеке қабылдады.
Қабылдау барысында несие жүктемесін азайту, жеке нотариустың іс жүргізуіндегі мұрагерлік іс, сондай-ақ жеке сот орындаушыларының әрекеті (әрекетсіздігі) мәселелері қаралды.
Әрбір өтініш бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндірмелер беріліп, қажетті құқықтық консультациялар ұсынылды. Сонымен қатар, азаматтарға өз құқықтарын қорғау тетіктері және уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгіну тәртібі түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1260538?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version