БАСПАНАЛЫ БОЛҒАНДАРДЫҢ ҚУАНЫШЫ ЕСЕЛЕНДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
БАСПАНАЛЫ БОЛҒАНДАРДЫҢ ҚУАНЫШЫ ЕСЕЛЕНДІ
Қызылқоға ауданында баспаналы болғандардың қуанышы тағы бір мәрте еселенді. Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамту бағытындағы жүйелі жұмыстардың нәтижесінде бүгін кезектілік бойынша тіркелген тоғыз отбасы жаңа қоныстың кілтін алып, көптен күткен арманын ақиқатқа айналдырды.
Ауданында тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету ісі жыл сайын қарқын алып келеді. Соңғы жылдардағы көрсеткіштер соның айқын дәлелі. Атап айтқанда, тұрғын үй кезегіндегі отбасыларды баспанамен қамту мақсатында 2022 жылы 14 тұрғын үй, 2023 жылы 83 тұрғын үй, 2024 жылы 84 тұрғын үй сатып алынса, 2025 жылы 129 отбасы жаңа қонысқа ие болды. Биыл да бұл игі іс жалғасын тауып, алғашқы тоғыз отбасы жаңа шаңырақтың иесі атанды.
Кілт табыстау рәсіміне қатысқан аудан әкімі Қанат Әзмұханов қоныс иелерін қуаныштарымен құттықтап, жаңа үйлердің әр отбасы үшін құт-берекенің, ынтымақ пен бақтың ордасына айналуына тілектестік білдірді.
– Мемлекет басшысының халықты баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған саясаты біздің ауданымызда облыс әкімінің қолдауымен жүйелі жүзеге асып келеді. 2023 жылдан бері ауданымызда 305 отбасы баспаналы болды. Бұл жұмыстар мұнымен тоқтап қалмайды. Алдағы уақытта да тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамту бағытындағы жұмыстарды жалғастырып, барлық күш-жігерімізді жұмсайтын боламыз. Бүгін жаңа қонысқа ие болған ауылдастарымыздың шаңырағы шаттыққа, дастарханы берекеге толсын! Бұл қуаныш кезекте тұрған өзге де азаматтарға жұғысты болып, ауданымыз өркендеп, халқымыздың игілігі арта берсін! – деді аудан басшысы.
Шара барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағидолла Яқып та тұрғындарды жаңа қоныстарымен құттықтап, ақжарма тілегін жеткізді.
Бүгінгі қуанышқа кенелгендердің бірі – Ләйла Рашбаеваның отбасы. Балаларының қуанышына ортақтасуға келген ардақты ана мемлекет қолдауының арқасында заманауи үлгідегі жаңа баспанаға қол жеткізгеніне ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
– Мен бұл ауданға 1964 жылы көшіп келдім. Содан бері туған жерімдей болып кеткен Қызылқоғаның өсіп-өркендегеніне куәмін. Соңғы жылдары ауданымызда үш жүзден аса отбасы баспаналы болды. Бұл – халыққа жасалған үлкен қамқорлық. Бүгін үй алып жатқан жастардың қуанышына шын жүректен ортақпын. Жаңа үйлеріңіз құтты болсын! Осындай игі іске қолдау көрсеткен Мемлекет басшысына, облыс және аудан басшылығына алғысым шексіз. Ел аман, жұрт тыныш болсын! – деді ақ жаулықты ана.
Салтанатты рәсімнен кейін аудан әкімі жаңа қоныс иелерімен бірге тұрғын үйлерді аралап, жаңа қоныстардың жағдайымен танысты. Заманауи талапқа сай салынған үйлердің жай-күйіне көңілі толған тұрғындар аудан басшылығына ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын арнады.
ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-kyzylkogy/press/news/details/1260409?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version