Батыс Қазақстан облысында «Ақылды қала» тұжырымдамасы аясындағы жобалар талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н.С. Ораздың төрағалығымен «Ақылды қала» (SMART CITY) тұжырымдамасы аясындағы жобаларды іске асыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.

Отырыс барысында қоғамдық өмірдің түрлі салаларына цифрлық шешімдер мен инновациялық тәсілдерді одан әрі енгізуге бағытталған жобалар таныстырылды.

Атап айтқанда, азаматтардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын жетілдіруге арналған «Ашық Қоғам» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері қарастырылды. Қосымша тұрғындардың өтініштерін ыңғайлы түрде жолдап, кері байланыс алуына мүмкіндік береді.

Сонымен қатар тұрмыстық қатты қалдықтарды (ТҚҚ) тиімді басқаруға арналған инновациялық тәсілдер ұсынылып, экологиялық жауапкершілікті арттыру және қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды.

Жиында білім беру ұйымдарындағы оқушылардың қауіпсіздігін күшейтуге және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған «BALA QORGAU» жобасына да ерекше назар аударылды.

Осындай бастамаларды іске асыру заманауи цифрлық технологияларды енгізуге, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға және Батыс Қазақстан облысының тұрғындары үшін жайлы, қауіпсіз әрі тиімді қалалық ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-informatization/press/news/details/1260694?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version