«Айгөлек» клубының мүшелері үшін ауылдық кітапхананың меңгерушісі «Біз арманымыздағы астананы саламыз» атты шығармашылық сурет байқауын өткізді. Іс-шараның мақсаты – балалардың бойында патриоттық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілікті, Қазақстан Республикасының астанасына деген құрметті қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін, көркемдік талғамын дамыту және Қазақстан мен оның тарихы туралы кітаптарға деген қызығушылықтарын арттыру. Балалардың шығармашылық қиялы олардың армандағы астанасын әсем, заманауи, жасыл желекке бөленген әрі бейбіт қала ретінде бейнелеуге мүмкіндік берді. Әрбір суретте балалардың туған еліне деген сүйіспеншілігі, Қазақстанның астанасына деген құрметі және кітапханада ұйымдастырылатын кітап көрмелері, іс-шаралар мен кітаптардан алған еліміз туралы білімдері көрініс тапты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk-shahter/press/news/details/1260583?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау