Болат Ақшолақов: “Мемлекеттік органдардың жұмысындағы басты критерий – нақты нәтижелер»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов әкім орынбасарларының, облыстық басқарма басшыларының, Атырау қаласы мен аудан әкімдерінің қатысуымен алғашқы аппарат отырысын өткізді.

Жиында мемлекеттік бағдарламалар мен инфрақұрылым жобаларын жүзеге асыру, жылыту науқанына дайындық, экономиканы дамыту, инвестиция тарту және бюджеттің орындалуына қатысты мәселелер қаралды.

Өңір басшысы салаға жауапты орынбасарлардың баяндамасын тыңдап, бірқатар нақты тапсырма берді.

Бірінші кезекте Мемлекет басшысы жүктеген міндеттердің мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету және белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізуді жеке бақылауда ұстау тапсырылды.

Қала мен аудан әкімдеріне инфрақұрылымды, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту және жылыту маусымына дайындық жұмыстарын күшейту жүктелді.

Экономикалық блокқа жауапты мемлекеттік органдарға инвестиция тарту, кәсіпкерлікті дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша белсенді жұмыстану тапсырылды.
Бюджет қаражатын тиімді пайдалану және мемлекеттік сатып алуларды кешіктірмеу мәселесіне айрықша назар аударылды.

Бұдан бөлек, өңір басшысы орындау тәртібін күшейтуді, азаматтардың өтінішін шұғыл қарау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қосымша шаралар қабылдауды да міндет етіп қойды.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысына медициналық көмектің сапасын арттыру бойынша ұсыныстар беру, соның ішінде көпсалалы денсаулық орталығын немесе заманауи көпсалалы аурухана салу мәселесін пысықтау міндеті қойылды.

Жауапты орынбасарға мүдделі органдармен бірге ғылыми қоғамдастық өкілдерін тарта отырып, мемлекеттік табиғи резерват аумағындағы және Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс алқаптары бойынша жұмысты зерделеу жүктелді.

Облыс басшысы қатты тұрмыстық қалдықтар тақырыбына да жекелей тоқталды. Болат Ақшолақов болашақта заманауи экологиялық қауіпсіз технологиялар негізінде электр энергиясын өндіретін қоқыс өртейтін зауыт салу мүмкіндігін қарастыра отырып, күл-қоқысты сұрыптауға арналған кешен салу жөнінде ұсыныс әзірлеуді тапсырды.

Жауапты мемлекеттік органдарға аппарат отырысында берілген тапсырмаларды орындауға жеті күнтізбелік күн берілді.

Болат Ақшолақов жиынды қорытындылай келе, мемлекеттік органдар жұмысындағы басты критерий нақты нәтижелер болуы керегін баса айтты. Аймақ басшысы орындау тәртібінің жоғары деңгейде болуын және қойылған міндеттердің орындалысын басшылардың жеке жауапкершілікке алуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1260872?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version