Далада — ыстық, жолда — салқындық: Полицейлер жүргізушілерге қамқорлық танытуда
Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасының жоғарылауына байланысты, ШҚО Полиция департаменті Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қадағалаумен қатар, азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне де ерекше назар аударуда.
Ыстық ауа-райында жол қозғалысы барынша сақтықты талап етеді. Рульде отырған кездегі ыстық өту қаупін ескере отырып, полицейлер жүргізушілерге салқын су таратып, жол жүру кезіндегі қолайлылықты арттыруға атсалысуда.
Жол қауіпсіздігі үшін маңызды кеңестер:
- Су ішу режимін сақтаңыз — шөлдегенді күтпеңіз, ағзаны сусыздандыруға жол бермеңіз.
- Демалыңыз — шаршау немесе ыстық өтудің алғашқы белгілері байқалса, жол бойында тоқтап, демалу міндетті.
- Техникалық жағдайды бақылаңыз — жолға шығар алдында көліктің техникалық жарамдылығын мұқият тексеріңіз.
- Уақытты жоспарлаңыз — мүмкіндік болса, ұзақ сапарларды ауа температурасы төмен таңертеңгі немесе кешкі уақыттарға жоспарлаған жөн.
Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз! Жол қауіпсіздігін бірге қамтамасыз етейік.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1260291?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау