Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызметтік жоспар аясында «Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі жобаның жаңа құрамымен – Ахметжанова А.Е. және Жантлеуов А.Қ.-мен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында алдағы кезеңге арналған бірлескен жұмыс жоспары талқыланып, жастардың құқықтарын қорғау, құқықтық сауаттылықты арттыру және өзара ынтымақтастықты нығайту бағытындағы негізгі міндеттер айқындалды. Тараптар алдағы уақытта жоспарланған іс-шараларды тиімді іске асыру және бірлескен жұмысты жүйелі түрде жалғастыру жөнінде келісімге келді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-ulytau-oblysy/press/news/details/1260782?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау