Бүгін Федоров аудандық мәслихаты сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы өтті.
Сессия жұмысына Федоров ауданы әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, Қоғамдық кеңестің мүшелері және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде төрт мәселе қаралды.
«Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» мәселе бойынша «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы М.А. Кириллова сөз сөйледі. Ол Қағидалардың жобасы, әлеуметтік көмек көрсету тәртібі, төлемдер мөлшері және әлеуметтік көмек алуға құқығы бар азаматтардың санаттары туралы айтып берді.
Сондай-ақ, сессияда Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрамына өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.
Сессияның күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-fedorov/press/news/details/1260731?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау