ІІМ: Еліміздің бірнеше өңірінде “Қауіпсіз үй” профилактикалық іс-шарасы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Еліміздің бірнеше өңірінде 17–19 шілде аралығында “Қауіпсіз үй” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара аясында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қиын жағдайдағы отбасыларды анықтау және оларға жан-жақты қолдау көрсету бағытында кешенді жұмыстар жүргізілді.

Үй – әр адам өзін қауіпсіз сезінетін, мейірім мен махаббатқа толы мекен болуы тиіс. Егер шаңырақта қорқыныш пен зорлық болса, бұл бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мәселесі.

Бүгінде мемлекет тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстарын күшейтіп, заңнаманы жетілдіруде, дағдарыс орталықтары мен қолдау қызметтерінің жұмысын дамытуда. Бірақ ешбір заң адамдардың бір-біріне деген құрметі мен жанашуын, отбасы құндылықтарын алмастыра алмайды.

Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі Астана, Шымкент қалаларында, Ақмола, Алматы, Түркістан және Жетісу облыстарында 17–19 шілде аралығында “Қауіпсіз үй” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Іс-шараға білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау саласының мамандары және қоғам өкілдері қатысты.

ЖПІШ барысында қиын жағдайға тап болған 20 отбасы анықталып, олармен уәкілетті мемлекеттік органдар жұмыс жүргізіп жатыр.

Зорлық-зомбылыққа ешқашан ақтау жоқ. Әрбір әйел қорғануға, әрбір бала бақытты балалық шақта өмір сүруге құқылы. Ең қауіптісі – үнсіз қалу. Сондықтан бейжай қарамайық. Бір ауыз қолдау, дер кезінде көрсетілген көмек бір адамның тағдырын өзгерте алады. Өйткені қауіпсіз отбасы – берекелі қоғамның негізі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1260191?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version