Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 22 маусымдағы Жарлығына сәйкес ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің қызметкерлері жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталды.
«Ерлігі үшін» медалімен:
Қызылорда облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы взвод командирінің көмекшісі, полиция аға сержанты Нұржан Нағашыбай;
Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі мамандандырылған күзет қызметі басқармасының полицей-жүргізушісі, полиция кіші сержанты Ануар Шахабаев наградталды.
Нұржан Нағашыбай 14 сәуір күні екі азаматты өрттен құтқарып, тілсіз жаудың көпқабатты тұрғын үйге таралуының алдын алды. Ал Ануар Шахабаев 9 мамырда көпқабатты тұрғын үйдің 10-қабатынан секірмек болған жасөспірімнің өмірін сақтап қалды.
Сонымен қатар, ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің кезекші бөлім кезекші аға инспекторы полиция майоры Евгений Поваляев «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Марапаттарды Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты іс-шара барысында Ішкі істер министрі Ержан Саденов табыстады.
Ел қауіпсіздігі жолындағы адал қызмет пен жанқиярлық әрдайым жоғары бағаланады.
Батыр әріптестерімізді жоғары марапаттарымен құттықтаймыз!
Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілі! на рус переведи
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kkod-mvd/press/news/details/1260748?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау