Интернет алаяқтарынан сақ болыңыз!
“Қарағанды облысы Шет ауданы Тағылы ауылдық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінде қызметкерлер мен ауыл тұрғындарының қатысуымен интернет алаяқтарының алдын алу тақырыбында түсіндіру жиыны өтті.
Жиын барысында жергілікті учаскелік полиция қызметкері Т.Балгымбеков интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың кең таралған түрлері, алаяқтардың қолданатын айла-тәсілдері және олардан қорғану жолдары туралы жан-жақты ақпарат берді.
Кездесу барысында тұрғындарға банк картасының деректерін, SMS арқылы келген кодтарды және жеке мәліметтерді бөгде адамдарға бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу, белгісіз нөмірлерден түскен қоңырауларға сақтықпен қарау қажеттігі түсіндірілді.
Іс-шараның мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, интернет алаяқтарының құрбаны болудың алдын алу және ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
Алаяқтардың арбауына түспеу үшін әрдайым қырағы болып, күмәнді жағдайлар туындаған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарласуға шақырамыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-tagyly/press/news/details/1260416?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау