Әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылықтар нысанасы болып табылмайтын не сондай нысанасы болып табылатын, бірақ қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарларды тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алынбаған не тыйым салынбаған тауарларды және оларға арналған құжаттарды кеден органдары кідіртеді.
Тауарларды және оларға арналған құжаттарды кідірту тауарларды және оларға арналған құжаттарды кідірту туралы хаттаманы жасау арқылы ресімделеді. Кідіртілген тауарларды және оларға арналған құжаттарды кеден органдары отыз күн бойы мерзім ішінде алып қояды және сақтайды, ал тез бұзылатын тауарларды – жиырма төрт сағат бойы сақтайды.
Кідіртілген тауарлар кеден органы айқындайтын және осындай тауарларды сақтау үшін жабдықталған уақытша сақтау қоймаларында немесе өзге орындарда сақтау үшін орналастырылады. Кеден органдары тауарларды кідірткен кезде кідіртілген тауарларды сақтау бойынша шығыстарды іс жүзінде тауарлар қайтарылатын тұлғалар өтейді, көзделген мерзімдерде мұндай тұлғалар талап етпеген кідіртілген тауарларды сақтау бойынша шығыстар көрсетілген тауарларды өткізуден алынған сома есебінен өтеледі. Кідіртілген тауарларды сақтау бойынша шығыстарды өтеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Кідіртілген тауарларды өткізуден алынған сомалардан, бірінші кезекте, осы тауарларды кідірткен күнге кідіртілген тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде төленуге жататын, есептелген кедендік әкелу баждарының, салықтардың мөлшеріндегі сома, екінші кезекте – кідіртілген тауарларды тасымалдауға (тасуға), қайта тиеуге (тиеуге, түсіруге), сақтауға және өткізуге байланысты шығыстар ұсталып қалады, есептелген сомалар декларанттарға, ал егер тауарларды декларациялау жүзеге асырылмаса – кеден органында тауарлардың меншік иелері туралы мәліметтен болған кезде оларға және бұл тұлғалар осындай тауарларды өткізуден ақша түскен күннен кейінгі күннен бастап үш жыл ішінде кеден органына өтініш жасаған жағдайда уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қайтарылады. Кеден органдары аталған тұлғаларды тауарларды өткізуден алынған, қайтарылуға жататын сомалардың болуы туралы хабардар етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1260751?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау