«Конституция және адам құқықтары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жылыой ауданының мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің басшысы Мухитова К.О «Конституция және адам құқықтары» тақырыбында Мақат аудандық ауруханасының медицина қызметкерлерімен дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының қоғамдағы рөлі, азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері, заң үстемдігін қамтамасыз ету және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар, қатысушыларға адам құқықтарын қорғау саласындағы заңнама талаптары түсіндіріліп, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың маңыздылығы жөнінде ақпарат берілді. Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті құқықтық түсіндірмелер алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1260534?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version