Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс XXXVII сессиясы өтті.
Сессия жұмысына мәслихат депутаттары, қала әкімі Ғ. Сыздықбеков, әкімдік мүшелері, құқық қорғау органдарының басшылары, аудан әкімдері, басқармалар мен мекемелердің басшылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Кадрлық өзгерістерге байланысты Шымкент қаласының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамы бекітілді.
Сессия барысында Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Б. Нарымбетовтің Қазақстан Республикасының Құрылтайына «ӘDІLET» партиясынан кандидат ретінде тіркелуіне байланысты өз өтініші негізінде қызметінен босатылды. Сондай-ақ өздері сайланған саяси партиялардың қатарынан шығуына байланысты депутаттық өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған депутаттар А. Наимбекова мен Б. Әшірбаев мәслихат жанындағы тұрақты комиссиялардың құрамдарынан шығарылды.
Сонымен қатар мәслихаттың кәсіпкерлікті дамыту және цифрландыру жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып М. Қонақбаев бекітілді.
Депутаттардың ашық дауыс беруінің қорытындысымен Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы болып М. Жолдыхожаев сайланды.
Өз кезегінде депутаттар жаңадан сайлаған мәслихат төрағасы Мұрат Жолдыхожаевқа сенім білдіріп, жергілікті өкілді және атқарушы органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, қала тұрғындарының мүддесіне бағытталған бастамалардың сапалы жүзеге асуына серпін беретініне сенім білдірді.
Сессия барысында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков мәслихаттың бұрынғы төрағасы Бахадыр Нарымбетовке жергілікті өкілді орган қызметінің дамуына, депутаттық корпустың нәтижелі жұмысына және қаланың әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне қосқан елеулі үлесі үшін алғысын білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-maslihat/press/news/details/1260322?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау