Mемлекеттік қызметшілерге қатысты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, Әдеп кодексінің және мемлекеттік қызмет туралы заңнамалар талаптырын, діни нанымдар және «Ойын бизнесі туралы»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

         2026 жылы 15 шілдеде Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы  бойынша  департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі А.Мамадалиевтің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілерге қатысты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, Әдеп кодексінің және мемлекеттік қызмет туралы заңнамалар талаптырын, діни нанымдар және «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ойын мекемелерінде құмар ойындарға және бәс тігуге қатысу жөніндегі талаптар бойынша арнайы семинар-кеңес өткізілді. 

        Семинар-кеңеске Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы М.Мамуджанова, Шымкент қаласының дін істері басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының теологтары Н.Әбдіманап және Ұ.Алиакбарұлы, Шымкент қаласы Полиция департаментінің Тұран аудандық полиция басқармасының өкілі Н.Нұржан, Департаменттің мемлекеттік қызметшілері қатысты.

      Семинар кеңес барысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы М.Мамуджанова сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, қаржылық бақылау шаралары,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар, мемлекеттiк функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызмет; жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың немесе жекжаттардың бiрге қызмет (жұмыс) iстеуiне жол бермеу, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды (салымдарды) ашуға, иеленуге, қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтауға жол бермеу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлауды,  мүдделер қақтығысы, сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері және олардың өкілеттіктері, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарларын жою, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жаңарту, типтік бұзушылықтарды және олардың туындау себептерін талдау, мүдделер қақтығысы мәселелері және оны реттеу, профилактикалық және түсіндіру жұмыстарының тиімділігі, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы, қызметтік тәртіп, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі, мемлекеттік қызметшілердің, олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік кепілдіктері, мемлекеттік қызметті тоқтату, қаржылық бақылау шаралары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, мүдделер қақтығысы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауаптылық жөнінде түсіндіріп өтті. 

       Шымкент қаласының дін істері басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының теологы Ұ.Алиакбарұлы мемлекеттік қызметшілердің іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан тартыну және әріптестерге өзінің діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелерін түсіндіріп өтті.

       Шымкент қаласы Полиция департаментінің Тұран аудандық полиция басқармасының өкілі Н.Нұржан мемлекеттік қызметшілердің «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеу, мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне араласуын болдырмау, мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік және есірткілік, және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болуының алдын алу және оған жол бермеу бойынша профилактикалық жұмыс жүргізу, есірткі құралдардың, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, прекурсорларды медициналық емес мақсатта тұтыну, көлік құралын алкогольдік және (немесе) есірткілік, және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқару, мемлекеттік органдарда  әйелдерге қатысты кемсітушіліктен және жыныстық қудалауды болдырмау туралы түсіндіріп өтті. 

 

видеоның толық ына ссылкадан көре аласыз: https://www.facebook.com/shymkentenbekinspektsia

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-enbek-inspekstiaysy/press/news/details/1260334?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version