18 шілде күні Жітіқара қаласының орталық алаңында отбасы институтын нығайтуға, отбасылық құндылықтарды сақтауға және отбасылық тәрбиенің оң тәжірибесін насихаттауға бағытталған «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық кезеңі қатысушыларының марапаттау рәсімі өтті.
Аудандық кезеңінің қорытындысы бойынша Мереке Тайынбаевич пен Бибигуль Ибраевна Рыздыковтардың отбасы және Иван Павлович пен Юлия Ивановна Романовичтердің отбасы конкурс жеңімпаздары деп танылды. Жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.
Конкурстың аудандық кезеңіне қатысқаны үшін Жітіқара ауданы әкімінің Алғыс хаттарымен Азамат Бактыбаевич пен Зарина Жалгаспаевна Жусуповтардың отбасы, Кайрат Бактыбаевич пен Гульмира Конысбековна Тентековтердің отбасы, сондай-ақ Кайрат Нагашбаевич пен Кулямза Кайратовна Куанышевтардың отбасы марапатталды.
Конкурс жеңімпаздары мен қатысушыларын шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, амандық және толағай табыстар тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/press/news/details/1260801?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау