Нельсон Мандела халықаралық күні қарсаңында

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Нельсон Мандела халықаралық күні қарсаңында №28 мекемесінде мекеме психологтары сотталғандармен тақырыптық іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты – адамгершілік құндылықтарды, адам құқықтарын құрметтеуді және заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру. Кездесу барысында қатысушыларға Нельсон Манделаның өмір жолы, оның бейбітшілік, әділдік пен теңдікті нығайтуға қосқан үлесі туралы айтылып, жеке жауапкершілік, айналадағы адамдарға құрметпен қарау және оң өзгерістерге ұмтылудың маңыздылығы түсіндірілді.

 

Мекеме психологы Полина Резниченконың айтуынша, мұндай іс-шаралар сотталғандардың өмірлік құндылықтарын қайта бағалауына, өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауына және түзелуге деген ынтасын арттыруға ықпал етеді.  

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1260263?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version