Skip to content

Орысша оқу

ЖАЗЫЛУ
КІРУ
Шілде 20, 2026
200News

ҚАЗАҚСТАН

ӨКҚ

ШЫМКЕНТ



Облыс әкімінің орынбасары өңірдегі жөнделіп жатқан теміржол вокзалдарына барды

Жарияланды:

20/07/2026 16:33

—

Автор:

Алатау Ахмет-Султан
категорияда Жаңалықтар

Ақтөбе облысында теміржол вокзалдарын жаңғырту жобалары белгіленген жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда. Облыс әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев Қандыағаш, Ембі, Шалқар, Алға қалалары, сондай-ақ Шұбарқұдық щжәне Қарауылкелді елді мекендеріндегі жаңғыртылып жатқан вокзалдардағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Нысандарда құрылыс жұмыстарының қарқыны, орындалу сапасы, өндірістік кестенің сақталуы және құрылыс материалдарымен қамтамасыз етілу мәселелері қаралды.

Тексеру барысында мердігер ұйымдарға құрылыс жұмыстарын бекітілген мерзімде аяқтау, сапа талаптарын қатаң сақтау және анықталған ескертулерді жедел жою тапсырылды.

Асылбек Есенбаев теміржол вокзалдарын жаңғырту өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытудағы басым бағыттардың бірі екенін атап өтті.

«Вокзалдар тұрғындар мен өңір қонақтары үшін қауіпсіз, қолайлы әрі заманауи талаптарға толық сәйкес келуі тиіс. Барлық мердігердің алдында сапа мен мерзімді сақтау міндеті тұр, құрылыс жұмыстары – бақылауда», – деді облыс әкімінің орынбасары.

Жаңғырту нәтижесінде вокзал ғимараттары толық жаңартылып, инженерлік жүйелер заманауи стандарттарға сәйкестендіріледі. Сонымен қатар жолаушыларға қолайлы жағдай жасалып, мүгедектігі бар азаматтар үшін кедергісіз орта қалыптастырылады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-shetyrkyz/press/news/details/1260575?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

←Previous: «САЛҚЫН САМАЛ» ЖАЗҒЫ СЕРГІТУ АКЦИЯСЫ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Next: Ақтауда 2,5 шақырым автомобиль жолына асфальт төселуде→


ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАН

ШЫМКЕНТ

АЛМАТЫ

АСТАНА

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Келісім шарттары

Қүпия келісімдері

Қолдану ережелері

АККАУНТ

КІРУ

ЖАЗЫЛУ

“200.NEWS” ТОО “Бахытжан Копбаев Ақпарат агенттігінін” интернет-бысылымы. Тіркеу туралы куәлік №KZ77VPY00071781 Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетімен 2024 жылғы 21 ақпанда берілген. Он сегіз жасқа толған пайданушыларға арналған портал. Материалдарды пайдалану шарттарына сәйкес қайта басып шығаруға рұқсат етіледі.

Біздің агенттігіңің телефон нөмері : +77778848811 , почтасы : info@200.news

Exit mobile version