Өңірлік Сарапшылық кеңестің отырысы өткізіліп, оның барысында ұйымдастырушылық мәселелер талқыланып, Сарапшылық кеңес қызметі аясындағы алдағы өзара іс-қимылдың басым бағыттары айқындалды.
Қатысушылар өңірлік Сарапшылық кеңестің құрамын қалыптастыру, Ұлттық превентивтік тетіктің (ҰПТ) жаңа құрамын жасақтау, сондай-ақ кандидаттарды тарту бойынша бірлескен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мәселелерін қарастырды.
Сонымен қатар азаматтарды бірлесіп қабылдауды ұйымдастыруға, мандаттық мекемелерге баруға, дөңгелек үстелдерге, семинарларға, құқықтық ағарту іс-шараларына қатысуға, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасауға және адам құқықтарын қорғау мен ілгерілетуге бағытталған өзге де бірлескен бастамаларды іске асыруға ерекше назар аударылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-almaty/press/news/details/1260480?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау