Өскемендік киберполицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алу жұмыстарын жалғастыруда
«Hi-Tech» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында Өскемен қаласы полиция басқармасының киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері қаладағы ірі сауда орталықтарының бірінде профилактикалық жұмыстар жүргізді.
Полицейлер келушілер мен қала қонақтарына интернет және телефон алаяқтығының ең көп таралған схемаларын түсіндіріп, цифрлық қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын еске салды. Сондай-ақ, азаматтарға SMS-кодтарды, банк карталарының деректемелерін және жеке мәліметтерді бөгде адамдарға хабарламау керектігі қатаң ескертілді.
Іс-шара барысында тұрғындарға алаяқтарды танып, қылмыс құрбаны болмауға көмектесетін кеңестер жазылған ақпараттық буклеттер таратылды.
Тәртіп сақшылары тұрғындарды сақ болуға шақырады: қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау сіздің ақшаңыз бен жеке деректеріңізді қорғауға көмектесетінін ұмытпаңыздар.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1260273?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау