Омбудсмен өкілі Үйлестіру кеңесінің мүшесімен бірлесіп Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған облыстық балалар психоневрологиялық орталығына барды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 17 шілдеде Павлодар облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі И.В. Тарасенко Үйлестіру кеңесінің мүшесі С.Н. Молчановпен бірлесіп Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған облыстық балалар психоневрологиялық орталығына барып, онда тұратын қызмет алушылардың өмір сүру жағдайларымен, арнаулы әлеуметтік қызметтерді алуымен, олардың құқықтарының сақталуымен танысты, сондай-ақ мекеменің қызметіне мониторинг жүргізді.

Орталық 100 төсек-орынға есептелген, оның ішінде 49 орын күндізгі бөлімде қызмет алушыларға, 51 орын стационарлық жағдайда тұратын қызмет алушыларға арналған.

Бару барысында тұрғын бөлмелер, санитариялық-тұрмыстық жағдайлар, медициналық кабинеттер, оңалту және дамыту сабақтарын өткізуге арналған үй-жайлар, ас блогы, сондай-ақ мекеменің өзге де инфрақұрылым нысандары қаралды. Балалардың қауіпсіз жағдайда болуын қамтамасыз етуге, олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына, медициналық және әлеуметтік көмектің қолжетімділігіне, бос уақытын ұйымдастыру мен оңалту іс-шараларының жүргізілуіне ерекше назар аударылды.

Бару қорытындысы бойынша мекемеде болу жағдайларын одан әрі жетілдіруге және көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған тиісті ұсынымдар жолданатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-pavlodar-oblysy/press/news/details/1260779?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version