пресс-конференция в СЦК вице-министра юстиции РК

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Әділет вице-министрі Даниель Ваисовтың айтуынша, атқарушылық іс жүргізу толықтай цифрлық форматқа көшірілген. Барлық негізгі рәсімдер Атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Автоматтандырылған жеңілдетілген іс жүргізу рәсімінің арқасында жалпы сомасы 15 млрд теңгеден асатын 750 мыңнан астам атқарушылық құжат орындалды. Нәтижесінде азаматтар шамамен 4 млрд теңге көлемінде қаражат үнемдеді.

Сонымен қатар, AdiletGov мобильді қосымшасымен біріктірілген «Тараптардың кабинеті» модулі мен «Цифрлық ассистент» сервисі жұмыс істейді. Бұл сервистер азаматтарға атқарушылық іс жүргізудің барысын онлайн режимде бақылауға, қажетті ақпаратты алуға және өтініштерін тікелей жолдауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, биыл атқарушылық іс жүргізуді проактивті бақылау тетігін, «ЖСО досьесі» аналитикалық модулін енгізу, екінші деңгейлі банктермен, Бірыңғай сақтандыру деректер базасымен, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер комитетінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің және Ішкі істер министрлігінің цифрлық жүйелерімен интеграция жасау жоспарланып отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-akm/press/news/details/1260150?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version