Қарағанды облысында ауыр салмақты көліктерге қатысты маусымдық шектеулердің сақталуына бақылау күшейтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды облысында ауыр салмақты автокөлік құралдарының қозғалысына енгізілген маусымдық шектеулердің сақталуына бақылау жалғасуда. Бұл туралы Қарағанды облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясында хабарлады.

Автомобиль жолдарымен көлік құралдарының қозғалысын тоқтату немесе уақытша шектеу қағидаларына сәйкес, 10 маусым мен 15 тамыз аралығында ауа температурасы +25 °C-тан жоғары болған жағдайда сағат 11:00-ден 21:00-ге дейін дара оське түсетін жүктемесі 8 тоннадан асатын көлік құралдарының қозғалысына тыйым салынады. Бұл шектеулер автомобиль жолдарын сақтау, жол жабынының мерзімінен бұрын бүлінуіне жол бермеу және жоғары температура жағдайында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізілген.

Сонымен қатар бұл тыйым халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын көлік құралдарына, жолаушылар тасымалына, тез бұзылатын азық-түлік өнімдерін, қауіпті жүктерді, гуманитарлық көмекті, әскери жүктерді тасымалдайтын көліктерге, сондай-ақ төтенше жағдайлардың салдарын жоюға және реконструкция жүргізіліп жатқан жол учаскелеріндегі жол-құрылыс жұмыстарына тартылған техникаға қолданылмайды.

Қарағанды облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының мәліметінше, маусымдық шектеулер енгізілгеннен бері 39 жүк автокөлігі уақытша тұраққа қойылды. Ауа температурасы төмендегеннен кейін немесе шектеулердің қолданылу мерзімі аяқталған соң тасымалдаушыларға қозғалысты жалғастыруға рұқсат берілді.

Бұдан бөлек, 2026 жылғы 10 шілде мен 10 тамыз аралығында өңір аумағында «Назар аударыңыз! Ауыр салмақты көлік құралы!» атты профилактикалық акция өткізілуде. Оның мақсаты – ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауға мемлекеттік бақылауды күшейту, заңнама талаптарының бұзылуының алдын алу және автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз ету.

Қарағанды облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясында тасымалдаушылар мен көлік құралдарының иелерін бағыттарды жоспарлау кезінде қолданыстағы маусымдық шектеулерді ескеруге және жол инфрақұрылымының сақталуын қамтамасыз ету үшін заңнама талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1260146?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version