«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Шалқар ауданы полиция бөлімінің ЭҚІҚТ жедел уәкілі, полиция капитаны Ерлан Ермолаевич Рыщанов «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ның Ақтөбе облысы бойынша филиалының Шалқар аудандық бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері, алаяқтардың қолданатын айла-тәсілдері, жалған қоңыраулар мен күмәнді сілтемелерден сақтану жолдары түсіндірілді. Сондай-ақ азаматтардың жеке және банк деректерін үшінші тұлғаларға бермеу, күмәнді хабарламалар мен онлайн ұсыныстарға сақтықпен қарау қажеттігі айтылды.
Іс-шара соңында қатысушыларға интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша арнайы жадынамалар таратылып, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау жөнінде ұсыныстар берілді.
#ЗаңМенТәртіп🚨 #АлаяқтарданСақБолыңыз #ШалқарауданыПолициясы #ИнтернетАлаяқтық #Қауіпсіздік
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-monkebi/press/news/details/1260709?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау