2026 жылғы 15 шілдеде Шортанды ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Астана қаласының қала маңы аймағы аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасы жобасын қоғамдық талқылау өтті.
Іс-шараға аудандық мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері және басқа да мүдделі тараптар қатысты.
Талқылау барысында Кешенді схема жобасының негізгі бағыттары, елорданың қала маңы аймағын дамыту перспективалары, сондай-ақ аумақтарды ұтымды пайдалану, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту және жобаның қоршаған ортаға ықтимал әсерін бағалау мәселелері қаралды.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар пікір алмасып, ұсынылған материалдарды талқылады және халықтың мүдделері мен аумақтардың тұрақты дамуын ескере отырып, жобаны одан әрі жетілдіруге бағытталған ұсыныстар енгізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-shortandy/press/news/details/1260795?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау