Су саласының саңлақтарына құрмет көрсетілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

9 шілде – Су шаруашылығы қызметкерлері күніне орай сала мамандарына құрмет көрсетілген салтанатты жиын өтті. Мерекелік іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Айдос Асабаев төрағалық етіп, су шаруашылығы саласында ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек етіп келе жатқан мамандарды кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Жиында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары су – адамзат өмірінің негізі, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен экологиялық қауіпсіздігінің басты кепілі екенін атап өтті.

Іс-шара барысында ”Ақсай” өндірістік бөлімшесінің басшысы Дәулет Мырзайымұлы Нұрабаев сөз сөйлеп, су шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтады. Ол халыққа сапалы қызмет көрсетуде ұжымның бірлігі мен жауапкершілігінің ерекше маңызға ие екенін айтып, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі.

Мерекелік жиынның маңызды бөлігінің бірі – марапаттау рәсімі болды. Су шаруашылығы саласының дамуына елеулі үлес қосып, өз міндетін жоғары жауапкершілікпен атқарып жүрген бірқатар қызметкерлерге аудан әкімінің Алғыс хаттары мен марапаттары табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhualy/press/news/details/1260743?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version