Түнгі серуеннің соңы – полиция бөлімінде: Қарағандыда бейнебақылау камералары автокөлік ұрлығын жедел ашуға көмектесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағандыда цифрлық технологиялардың тиімділігі тағы бір мәрте дәлелденді. Бейнебақылау камераларының көмегімен полицейлер автокөлікті заңсыз иелену дерегін қысқа мерзімде ашып, күдіктілерді ұстады. Полицияға 60 жастағы қала тұрғыны жүгініп, кешке үйінің ауласына қойған автокөлігін таңертең орнынан таппағанын хабарлаған. Хабарлама түскен бойда тәртіп сақшылары жедел іздестіру іс-шараларын бастады. Оқиғаның мән-жайын анықтауда бейнебақылау камераларының жазбалары шешуші рөл атқарды. Полицейлер бейнематериалдарды мұқият саралап, қылмыстың жасалған уақытын нақты белгілеп, күдіктілердің қозғалыс бағытын кезең-кезеңімен анықтады. Жүргізілген жедел жұмыстардың нәтижесінде автокөлік соңғы анықталған мекенжайдан табылды. Көп ұзамай жедел уәкілдер күдіктілердің де ізіне шықты. Олар көрші көшеде тұратын 19 жастағы жігіт пен оның досы болып шықты. Ұсталған азаматтар өз кінәларын мойындап, тиісті жауаптарын берді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/1260661?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version