Алматы облысы Жамбыл ауданында халық ақыны Үмбетәлі Кәрібаевтың музей-үйінде реставрация жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бүгінде «Қазқайтажаңарту» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мамандары аумағы 90 шаршы метрді құрайтын шатырдың ағаш қаңқасы мен металл жабындысын толық жаңартып, су ағызу жүйесін орнатты. Ғимараттың сыртқы және ішкі қабырғалары мен едені де жөнделді.
Алдағы кезеңде музей-үйдің қасбеті қалпына келтіріліп, қабырғалардың бүлінген бөліктері нығайтылады. Терезелер мен есіктер орнатылғаннан кейін тарихи нысанның бастапқы сәулеттік келбеті сақтала отырып, қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1260327?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау