Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері өңір аумағында күн сайын өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында профилактикалық рейдтер өткізуде.
Бүгін кезекті түсіндіру жұмыстары Тараз қаласындағы Құмшағал тұрғын алабында ұйымдастырылды. Құтқарушылар тұрғындармен кездесіп, тұрмыста өрттің алдын алу шаралары, электр желілері мен тұрмыстық электр құралдарын қауіпсіз пайдалану, газ жабдықтарын дұрыс қолдану және балаларды қараусыз қалдырмау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Рейд барысында тұрғындарға төтенше жағдай орын алған жағдайда «101» және «112» қызметтеріне жедел хабарласу қажеттігі ескертілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1260439?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау