Жамбылда 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Еңбек нарығындағы тұрақтылықты сақтау, халықты тұрақты жұмыспен қамту және азаматтардың табысын арттыру – өңірлік саясаттың негізгі бағыттарының бірі.

Осы мақсатта Жамбыл облысында 2026 жылға арналған Жұмыспен қамтудың өңірлік картасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылып, жаңа жұмыс орындарын ашу, жұмыссыз азаматтарды оқыту және еңбек нарығына бейімдеу бағытында нақты шаралар жүзеге асырылуда.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, биыл өңірде барлығы 42 875 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Есепті кезең қорытындысы бойынша 20 254 жұмыс орны құрылып, жоспардың орындалуы 47,2 пайызды құрады.

Мемлекет басшысының «Әрбір 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашу» тапсырмасы аясында облыста 6 750 жұмыс орнын құру көзделген. Бүгінгі таңда осы бағытта 2 582 жұмыс орны ашылып, жоспар 38,3 пайызғаорындалды.

 
 

Сонымен қатар ұлттық жобалар мен тұжырымдамалар шеңберінде 58 жоба арқылы 738 жұмыс орнын құружоспарланған. Қазіргі уақытта оның ішінде 35 жоба іске асырылып349 жұмыс орны құрылды. Бұл жоспардың 47,3 пайызын құрайды.

Халықты тұрақты жұмыспен қамтуда Электрондық еңбек биржасының мүмкіндіктері де тиімді пайдаланылуда. Биыл аталған жүйе арқылы 26 522 адамды тұрақты жұмысқа орналастыру жоспарланса, бүгінгі күнге дейін 11 597 азамат тұрақты еңбекпен қамтылды.

Әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға да ерекше көңіл бөлінуде. Осы бағытта 820 адамға қайтарымсыз мемлекеттік грант беру жұмыстары басталды.

Субсидияланатын жұмыс орындары бойынша да оң нәтижелер бар. Жыл басынан бері 8 045 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, бүгінгі күні 5 726 азамат түрлі бағдарламалар арқылы жұмысқа орналастырылды. Бұл жоспардың 71,2 пайызын құрайды.

Оның ішінде ақылы қоғамдық жұмыстарға жоспарланған 4 600 адамның 4 446-сы, жастар практикасына жоспарланған 2 420 түлектің 456-сы, «Күміс жас» жобасы бойынша жоспарланған 750 адамның 588-і, әлеуметтік жұмыс орындарына жоспарланған 275 адамның 236-сы жұмысқа жолданды.

Жұмыссыз азаматтардың кәсіби дағдыларын арттыру мақсатында кәсіптік оқыту жұмыстары да жүргізілуде. Биыл бұл бағытта 1 085 адамды қамту жоспарланған. Оның ішінде 750 адам білім беру ұйымдарында335 адам жұмыс берушілердің жұмыс орындарында оқытылады. Есепті кезеңде кәсіптік оқытуға 301 жұмыссыз азамат жолданды.

Бұдан бөлек, skills.enbek.kz платформасы арқылы 2 336 жұмыссыз азамат онлайн курстарды аяқтады. Бұл бағыт бойынша жоспар 2 820 адамды құрайды.

Жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты нығайту мақсатында 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін облыста 55 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оған 777 жұмыс беруші қатысып, тұрғындарға 3 973 бос жұмыс орны ұсынылды.

Жәрмеңкелерге қатысқан 3 696 жұмыссыз азаматтың ішінде 1 346 әйел, 35 жасқа дейінгі 1 122 жас, 61 мүмкіндігі шектеулі азамат және 1 150 өзге жұмыссыз азамат бар. Нәтижесінде 838 адам тұрақты жұмысқа орналасып, жалпы 1 166 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды.

Жастарды жұмыспен қамту мәселесі де ерекше назарда. 2026 жылы өңір бойынша Өңірлік жұмыспен қамту карталары аясында 24 263 жасты жұмыспен қамту жоспарланған. Бүгінгі таңда 35 жасқа дейінгі 7 586 жасеңбекпен қамтылып, жоспардың 30,1 пайызы орындалды.

Жұмысқа орналасқан жастардың 4 747-сі тұрақты жұмыс орындарына қабылданды. Сонымен бірге 69 жас әлеуметтік жұмыс орындарына494 түлек жастар практикасына998 азамат ақылы қоғамдық жұмыстарға бағытталды.

Жастардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін 470 жас онлайн оқыту курстарына613 жас «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін меңгеруге жолданды.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Жамбыл облысындағы жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды, ал жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,1 пайызды құрады.

Өңірде жұмыспен қамту бағытындағы кешенді шаралар еңбек нарығындағы тұрақтылықты сақтауға, тұрғындардың табысын арттыруға және әсіресе жастар мен әлеуметтік осал топтарды қолдауға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-shu/press/news/details/1260354?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version