Жаңа Бұқтырма кентіне жұмыс сапары.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 17 шілдеде, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Электр энергетикасын дамыту департаменті басқармасының басшысы Жұмаділов Мирас Маратович және **Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ басшысының орынбасары Дайыров Самат Қайырбекұлы жұмыс сапарымен Жаңа Бұқтырма кентіне келді.
Жұмыс сапары аясында «Жаңа Бұқтырма кентінің орамішілік жылумен жабдықтау желілерін реконструкциялау (II кезек)» жобасының іске асырылу барысы тексерілді. Сондай-ақ делегация мүшелері Жаңа Бұқтырма кентінің қазандығына барып, алдағы жылыту маусымына дайындық шеңберінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Сапар барысында жұмыстардың орындалу қарқыны, жобаны іске асыру кестесінің сақталуы, сондай-ақ кент тұрғындарын сенімді әрі үздіксіз жылумен қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды уақтылы аяқтау мәселелері талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1260631?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version